14.09.2021 _ 12:40

Лимиттен асу. СҚО әкімінің орынбасары тұрақтандыру қорының қоймаларында жүздеген миллион теңгеге дәрі-дәрмек неге сақталып жатқанын түсіндірді

«Хабар 24» арнасы Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорына сатып алынған дәрілер мен медициналық бұйымдар қоймаларда жатқанын, тіпті сатылмайтынын хабарлады. Әңгіме 250 млн теңге туралы болып отыр. Бұл қалай болды және одан әрі не болады – журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жайлы сұрады. Әкімнің орынбасары Асқар Сақыпкереев жағдайды «олқылық» деп атап, проблемалар жоқ екеніне сендірді.


«Облыстық тұрақтандыру қоры құрылды. 250 млн емес, 357 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 157 млн теңгеге 21 дәрі - дәрмек сатып алынды. Оларды дәріхана желісі немесе стационарлар арқылы бөлшек сауда желісінде сатуға қатысты айтар болсақ, бүгінгі таңда мәселенің тегін берілетін дәрілердің бес түрі бойынша туындағанын білесіздер... тұрақтандыру қорына дәрілік заттарды сатып алған кезде парацетомол мен ибупрофенді көп көлемде сатып алдық. Осы екі дәрілік зат бойынша 25 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылған, дегенмен, бүгінгі таңда ол тегін қамтамасыз етіледі. Бүгін мынадай шешім қабылданды: бұған дәріхана пункттері желісін, 146 дәріхана пунктін қостық. Бүгінде бұл дәріхана пункттерінде 53,5 млн теңгеге жуықты құрайтын дәрмек сатылымға шығарылды, бүгінде олар 9 млн теңгеге сатылды. Яғни, дәл осы екі дәрі бойынша олқылық орын алды, тұрақтандыру қорына көп көлемде сатып алынды. Қалған дәрі  бойынша мәселелер жоқ. Тұрақтандыру қоры сол үшін керек, аса қажет болғанда дәріханалар желісінде жоқ дәрілік заттарды пайдалану үшін», - деп түйіндеді облыс өкілі.