14.09.2021 _ 12:00

Той өткізу, маска тақпау, тығыз байланыста болу – сарапшылар Қостанай облысында науқастардың өсу себебін атап шықты

Көп жағдайда кронавирустық инфекцияны тасымалдаушылар 20-дан асқан жастар болып табылады. Олар отбасыларына жұқтырады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев ауру жұқтырудың себептеріне және халық арасында КВИ-дің таралуының себептері жайлы баяндады.
иллюстративное фото с сайта aussiedlerbotе.de

«Covid-19 вирусының дельта нұсқасының аса жұқпалы болуына, патогендігіне, жаппай отбасылық іс - шараларға тыйым салынғанына қарамастан, халықтың тойлар өткізуі - тамақтану орындары мен жалға алынған коттедждерде мерейтойлар ұйымдастыруы, азаматтардың бір бөлігінің вакцинацияның пайдасына күмән келтіруі, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде маска тағу режимін сақтамауы. Аурудың 20-дан асқан жастар арасында таралуы олардың қозғалғыштығына, иммундаудың төмендігі аясында бір-бірімен тығыз байланыста болуына, содан кейін инфекцияны отбасы мүшелеріне жұқтыруымен байланысты. Олар- инфекцияны таратушылар.  Бақылауды қамтамасыз ететін «Ashyq» жүйесінде субъектілердің келушілерге өз объектілеріне кіргізу кезіндегі ресми әрекеті. Covid-19 ауруының тежеуші факторы шектеу шаралары болып табылады. Қостанай облысы бұрынғыдай «қызыл аймақта»  тұр. Көптеген объектілердің қызметіне қойылған шектеулер сақталады. Ең алдымен, объектілердің толымдылығына, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, жұмыс уақытының ұзақтығына, маска тағу режимін сақтауға, санитарлық–дезинфекциялық режимді күшейтуге қатысты шектеулер» , - деп атап өтті спикер. 


Сонымен қатар, КВИ-мен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты шектеу іс-шараларын жоспарлы түрде жеңілдету басталды.  «Ashyq»  жобасына қатысатын объектілерге демалыс және мереке күндері жұмыс істеу, жұмыс уақытын ұзарту бойынша жеңілдіктер жасалады.