14.09.2021 _ 11:50

Соңғы екі аптада тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты төмендеп келеді - Қостанай облысының санитарлық дәрігері

Қостанай облысында COVID-19 жұқтырған 31 486 адам тіркелді, өткен тәулікте - 156 науқас анықталды, оның ішінде 145-і симптомды. Соңғы екі аптада облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен ауыру тұрақты түрде төмендеп келеді. RT коэффициенті бірліктен төмен. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев жария етті.

Оның айтуынша, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар аурушаңдықтың төмендеуіне ықпал етеді, оның ішінде халықты вакцинациялаудың маңызы зор.


«Негізгі тәуекел топтар- медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдары қызметкерлері арасында - егілуге тиіс халық санының 95% - дан астамы вакцинацияланды. Жоғары эпидемиологиялық қауіп төндіретін тағы бір контингент - бұл көп адаммен байланыста болатын және ауру жағдайында халыққа қауіп төндіретін қызмет көрсету қызметкерлері. Науқастардың басым бөлігі - 97% - егілмегендер. Ауру жұқтыру жағдайларының артуының себептері биологиялық қауіп көзге көрінбеуіне байланысты халықтың қырағылығының жалпы төмендеуі болып табылады. Азаматтар қауіпті тек ауруды жұқтырғанда немесе стационарға түскенде, кейде отбасындағы жақындарын жоғалтқанда түсінеді», - деді спикер.