30.04.2021 _ 12:30

Мемлекет басшысының тапсырмасымен. Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық жобасының индикаторы 2025 жылы өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі болып табылады

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде министрлік денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұлттық жобаға трансформациялау бойынша жұмыстарды бастады. Оның негізгі бағыттары «Денсаулық сақтауды дамыту», «Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру», «Қазақстанның отандық фармацевтикалық өнеркәсібін қалыптастыру», «Бұқаралық спортты дамыту» болып табылады. Ұлттық жобаның негізгі индикаторы 2025 жылы өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі болып табылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуі барысында ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелер күтіледі: денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін барлық қаржы көздерінен елдің ЖІӨ-нің 5%-ына дейін арттыру; жыл сайын экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізуге 7 мың квота бөлу; өңірлерде 20 заманауи медициналық орталық салу; ауылдық елді мекендерде 137 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу; МӘМС қаражаты есебінен әрбір азамат үшін қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету; дәрігерлердің орташа жалақысын орташадан 2,5 есе ұлғайту; отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының үлесін 50 пайызға дейін ұлғайту», - деді ведомство басшысы.


Ұсынылған модельде пациенттің қажеттіліктеріне басты басымдық жасау көзделген. Бұл үшін денсаулық сақтау ұйымдарында сервисті жақсарту (қонақжайлық стандарттары «қонақжайлы медицина»), медициналық ұйымдарды қолда бар қажеттілікке сәйкес кадрлық қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудағы процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру бөлігінде жедел шешімдер қабылдануы тиіс.


«Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы қажетті стандарттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, ең алдымен, халықтың мұқтаждығы тұрғысынан қалыптастырылатын болады. Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың жаңа объектілерін салу немесе тозған объектілерін жөндеу бойынша шаралар қабылданатын болады. Нәтижесінде денсаулық сақтау жүйесі мынадай бағыттар бойынша жетілдіріледі: ауылға басымдық бере отырып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру; бастапқы медициналық-санитариялық көмекті одан әрі күшейту; медициналық қызметкерлердің құзыреттілігінің өсуін ынталандыру; еститін денсаулық сақтау; пациенттің дәрілік және биологиялық қауіпсіздігі. Бұл бағыттардың барлығы цифрлық технологияларды қолдану арқылы іске асырылатын болады. Осылайша, пациентке бағдарлану денсаулық сақтау жүйесін одан әрі тұрақты дамытудың іргетасы болып табылады», - деп атап өтті Цой.


Сондай-ақ ол атап өткендей, күнтізбелік жыл ішінде пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесі үлкен сыннан өтті. 


Мемлекет басшысының ерекше назар аударуының арқасында салада инфрақұрылымдар айтарлықтай жаңартылды және медицина қызметкерлерін қолдаудың теңдессіз шаралары қабылданды.
Министр адам өмірін құтқаратын әрбір медицина қызметкеріне жеке алғысын білдірді. Әрбір қазақстандықтың қауіпті вируспен күреске қосқан үлесін атап өтті.