21.04.2021 _ 13:39

МИБ жалпы үй тұтынатын энергия үшін заңды тұлға ретінде төлейді

МИБ заңды тұлға ретінде тіркеледі. Ал ПИК жеке тұлға ретінде тіркелген. ПИК болмағандықтан, абоненттер жеке тұлға болмайды. МИБ заңды тұлға болғандықтан электр энергиясы үшін сол үйдің тұрғындары заңды тұлға ретінде жоғары тарифпен төлеуі мүмкін бе? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сауал жолданды. Оған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков жауап берді. Оның айтуынша, шығындарды тұрғын үйді ай сайынғы күтіп-ұстау төлемдерінен төлеу үшін бұл мәселе жалпы жиналыста шешілуі керек.

«Жалпы жиналыста тұрғын пәтерлерінің меншік иелері бұл мәселені шешіп алуы керек. Жалпы үй қажеттіліктері (ОДН) – жалпы үй тұтынатын электр энергиясы, су, жылу энергиясы. Соны қалай төлеуге болатынын нақтылау керек. МИБ шығындарынан ба, әлде әр үй жеке төлей ме? Егер МИБ ретінде төлейтін болса, ол заңды тұлға болғандықтан заңды тұлғаның тарифімен төлейді», - деді спикер.

Бұл ретте Нұрбек Серіков жалпы үй тұтынатын энергия үшін төлемді әр пәтердің бөлек жүргізгені оңай екенін атап өтті.