20.04.2021 _ 12:41

Нотариаттық палатаның Тәртіптік комиссиясының құрамына қоғам өкілдері енді – ҚР ӘМ

Азаматтар нотариустар ұсынатын қызметтерінің сапасына қанағаттанбайды. Жергілікті жерлерде нотариустарға шағымдарды қарайтын тәртіптік комиссиялар бар. Бұл комиссиялар тек нотариустардан тұрады. Мұндай құрамда шағымдар қаншалықты объективті және жан-жақты қарастырылады? Тәртіптік комиссия шешімімен келіспеген жағдайда қайда жүгінуге болады? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерлерге осындай сауал жолданды. Оған Әділет министрінің кеңесшісі Бақтыгүл Атағазиева жауап берді.

«Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы заңмен бекітілді. Оған 4 нотариустан басқа үш қоғам өкілі кіреді. Бұл жан-жақтылықты және объективтілікті қамтамасыз етеді. Сондықтан жергілікті жерлердегі палаталардың шешімімен келіспеген жағдайда соған жүгінуге болады», - деді ол.