20.04.2021 _ 12:18

Нотариустар БНАЖ-ға мәмілелер, мұраны ашу, өсиеттерді есепке алу туралы мәліметтерді белгілі бір мерзімде енгізуге міндетті

Нотариатта цифрландыру тренді осыдан он жыл бұрын, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (БНАЖ) құрылған сәттен бастап іске қосылды, бұл инфрақұрылымды дайындауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, заңмен мәліметтерді енгізуге, ұсынуға, оның мазмұнына қойылатын талаптарды регламенттейтін БНАЖ қызметіне қойылатын талаптар, сонымен қатар БНАЖ сүйемелдейтін және техникалық-жүйелік қызмет көрсететін тұлғалар мен нотариаустардың бірқатар міндеттері қарастырылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова хабарлады.


 

Оның айтуынша, БНАЖ нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімін, мұрагерлік істер тізілімін, өсиеттерді есепке алу тізілімін, нотариаттық электрондық репозиторийді қамтиды.

«Бұл ретте заң нотариустардың БНАЖ-ға мәліметтерді енгізу бойынша міндеттерін белгіледі: жасалған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер - дереу, мұраны ашу туралы мәліметтер - тиісті өтініштер келіп түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілуі тиіс. Сондай-ақ, Республикалық нотариаттық палатаның notariat.kz және БНАЖ-дың enis.kz интернет-ресурсында ашық мұрагерлік істерді, куәландырылған сенімхаттарды, сондай-ақ нотариус жасаған атқарушылық жазбаларды тексеруге болады. Заңмен тұлғалардың өздеріне қатысты осындай мәліметтерді ақысыз негізде алу құқығы бекітілді», - деп атап өтті палата басшысы.