09.04.2021 _ 11:45

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін елорда тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған. Бұл тұралы ОКҚ брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта inbussines.kz

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциямен күрестің маңызды кезеңі - халықты вакцинациялау. Бұл вакцинация күшті профилактикалық шара болып табылады және оның пайдасы аурып қалу ықтимал қаупінен айтарлықтай зор екенін атап өтемін», - деп айқындады басқарма басшысы.


Бүгінгі таңда елордада 22 мың 500-ден астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. 


«Бұл медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар. Вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар тіркелмеген», - деді Мұратов.