08.04.2021 _ 16:10

«Спутник V» вакцинасы халал – ҚМДБ

Қандай вакцинаны халал деп санауға болады? Оған «Спутник V» жата ма? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, олардың Ресейдегі әріптестері екпе мәртебесін растады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.


«Спутник V» Вакцина бойынша біз Ресей мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдап, шариғатқа қайшы келетін жануарлардан шыққан компоненттер мен т.б. заттар жоқ деген оң жауап алдық. Компоненттердің харам екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан біз «Спутник V» халал вакцинаға жатады деп санаймызз», – деді наиб-мүфти Ершат қажы Оңғар.

Отандық KazVac вакцинасы бойынша еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолданды.


«Біз денсаулық сақтау министрлігінен зертханаларда мұқият талдау жүргізу үшін осы және «Спутник V» вакциналарының бірнеше данасын беруін сұрадық. Қазіргі кезде біз ештеңе айта алмаймыз», – деді имам.