20.05.2022 _ 13:02

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің жаңа құрамы бекітілді

Сот Кеңесі Сот жюриінің жаңа құрамын бекітті, оған аудандық және облыстық соттардан, Жоғарғы Соттан екі судьядан, сондай-ақ адвокаттар және заңгерлер қоғамдастықтарынан бір өкілден кірді.

2022 жылғы 17 мамырда Сот жюриінің ұйымдастыру отырысында Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің төрағасы болып Жоғарғы Соттың судьясы Қасымов Ақылтай Ахмеджанұлы қайта сайланды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/article/details/875?lang=kk