Кепілмен алған қарызын қайтара алмаған ұжымдар 180 күн ішінде барлығын қайтаруға тиісті

Кепілдік 180 күн ішінде төленеді. Егер кепілдікпен қарыз алушы аяқ-асты құлдыраған жағдайға ұшырап жатса, оның кепілін басқа қарыз алушыға ауыстыру немесе толығымен құйып тастау мүмкіндігін қарастырады, – деді «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдендріу департементінің директоры Қанат Бақытов Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен «ҚазАгроКепіл» АҚ Басшылығы өткізген мәслихатта.

Ондай жағдай орын алған кезде бізге алдын-ала ұсыныс береді. Кепілдігін жабу үшін 180 күн ішінде қарыз толығымен жабылады. Бұл тек кепілдендіру пайызы бойынша орындалады. Ал қалған сомасы өзінің қалған кепілі бойынша жабылу мүмкін болады.

«Кепілдікті алушылар шағын несиелік ұжымдар болып табылады. Олар алдын-ала қайтара алатын жолдарын қарастырып көру керек. Мүмкін мезімі создыру деген сықылды Егер ешқандай жағдайда төлей алмайтын болса онда бастапқы айтылған мерзім бойынша төленеді. Төлей алмаған 30 күннен кейін біз бақылап отыратын боламыз деді», – Қанат Бақытов.

2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Бұл бағдарлама жаңа бизнес бастаған, әсіресее ауылдық жердегі кәсіпкерлер үшін өте тиімді жағдай болатын. Қазіргі таңда берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 970 млн. теңгені құрайды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика