Қор кепілдігі екі қалаға берілді

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 10 қазанда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң күшіне енген күннен бастап өзінің қызметін бастады. Аталған қор Басқармасы төрағасының орынбасары Даурен Онаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз Қордың атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Бір жыл ішінде Қорға 50-ден астам тұрғын үй жобалары бар 40-қа жуық құрылыс салушы өтініш білдірген, деп хабарлайды ortcom.kz.

Спикердің сөзінше кепілдік жарнасы мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты кейбір компаниялар қажетті құжаттар топтамасын ұсына алмаған.

«Осы уақыт ішінде кепілдік беру Қоры екі қалада салынып жатқан тұрғын үйлер бойынша екі кепілдік берді. Олар Астана қаласындағы «Миллениум парк» ТҮК және Алматы қаласындағы «Легенда» ТҮК. Осылайша Қор берген кепілдігі бар аталған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға ниет білдірген азаматтарға үйлерінің кілтін алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика