Каратэ-до федерациясы ережелерді өзгерте ме

Орталық коммуникациялар қызметінде Каратэ-до бойынша өтетін ересектер арасындағы XIV Азия чемпионаты және кадеттер мен жастар арасындағы XVI Азия чемпионатына арналған баспасөз конференциясы
өтті.
Жиын барысында Бүкіләлемдік Каратэ-до федерациясының президенті Антонио Эспиноз Каратэ-до бойынша ережелердің өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.
– Әлемдік каратэ федерациясы ережелерді өзгертпейді. Өйткені, бұл ережелерді бұрыннан қолданып келеді. Каратэ ережелерін бұрын өзгерткен едік. Алдағы болатын жарыстардың да ережелері дайын. Біз бірнеше жыл бұрын Хорватияда ережелер коммитетімен кездестік. Енді қараша айында өтетін кездесуде жаңа ережелерді бекітеміз деп ойлаймын. Бұл ережелер Токиода өтетін жарыста қолданылатын болады, -деді Антонио Эспиноз.
Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында каратэ-до олимпиадалық спорт түрі бойынша Азия чемпионаты 13-16 шілде аралығында өтеді. Оған 30-дан астам мемлекеттің 700-ге жуық спортшысы қатысады. Оның үстіне Азия біріншілігі елімізде тұңғыш рет өтетінін атап өткен жөн. Бұған дейін Малайзия, Сингапур, Жапония және Қытай сынды алпауыт мемлекеттерде ұйымдастырылған.
Спорттық сайыстың бас ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика