Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру көзделеді  

2017 жылғы 11 шілдеде Елбасы энергия беруші ұйымдардың саның азаюына жол беретін Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды және ол 2017 жылдың 24 шілдесінде күшіне енген болатын. Осыған орай Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов, Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазының қатысуымен баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды ortcom.kz

Спикерлердің сөзінше Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін төмендегі тетіктер бойынша Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру көзделеді. Олар, иесіз деп танылған электр желілерін теңгеріміне қабылдаған кезде энергия беруші ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салығынан босату, ірілендірген жағдайда энергия беруші ұйымдар үшін табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау, электр желілерін кеңейткен кезде электр энергиясын беруге тарифтердің шекті деңгейін қайта қарастыру мүмкіндігін енгізу және т.б

«Келесі кезең 51-қадамды іс жүзінде жүзеге асыруды қамтиды. Олар, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беру, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін энергия беруші ұйымдардың теңгеріміне иесіз деп танылған электр желілерін беруді көздейді», – деді Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Бауыржан Сәрсенов.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика