«International Education Fair 2018 – Халықаралық білім көрмесі» өтеді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «International Education Fair 2018 – Халықаралық білім көрмесі» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті. Шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» вице-президенті Мейіржан Алпысбай, Оқытуды ұйымдастыру департаменті директоры Ақмарал Сапанова қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық білім көрмесі «International Education Fair 2018» өткізгелі отыр. Көрмеге 100-ден астам отандық және АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа мен Азия және ТМД сияқты шет ел жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысады»,-деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов.

Сонымен қатар, ол көрменің мақсатына да тоқталып өтті.

«Аталған көрме білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру, шет елде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы хабардар ету, сонымен қатар халықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасуды көздейді», – деді спикер.

«International Education Fair 2018» көрмесі 20-21 қаңтар күндері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өтеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика