«Хабар» агенттігі жас журналистерге арналған очерк байқауын өткізеді

2017 жылдың 9 ақпанынан бастап «Хабар» телеарнасы Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарынан тікелей трансляция жасайды. Қазақ жанкүйерлері спорттық сайыстардың 9 түрін арнадан тамашалалап, Олимпиада күнделігімен танысып отырады. Сондай-ақ «Хабар» агенттігі осы қысқы Олимпиада негізінде интернет жобаны қолға алды. Агенттік olimpics.khabar.kz сайты арқылы эксклюзивті сұхбаттар жасап, тың ақпараттарды өз аудиториясына ұсынады. Бұл туралы бүгін «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев Ортлақы коммуникациялар қызиметінде өткен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Сондай-ақ құрамына төрт арна енетін агенттік басшылығы өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. Соның бастысы ретінде еліміздегі отандық киноларды көрсететін «Еларнаның» ашылғанын айтты. Телеарнаның өткен жылы отандық 14 сериалды көрсеткенін айта келе, отандық киноөнімдерді қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді. Мәселен, еліміздегі басты арналардың бірі биыл өткен мен бүгінді байланыстыратын және шынайы оқиғаға негізделген «Батырлар жолы», «Алтыншы бекет» сериалдарын көрермен назарына ұсынады.

Агенттік Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай жас журналистерге арналған очерк байқауын өткізеді. Келесі аптада байқау шарттары таныстырылады.

«Хабар» агенттігінде фрилансерлермен жұмыс істеу де жолға қойылған. Егер де шетелдік азамат барлық талаптарға сай сапалы медиаөнімді ұсынса, онда агенттікпен әріптестік байланыс орната алады. Айта кетейік, қазіргі таңда «Хабар» арнасының шетелден ақпарат таратын 17 тілшісі бар.

Агенттік алдағы уақытта да ақпараттық-танымдық, сараптамалық бағдарламалардың қатарын арттырып, көрермендерін жағымды жаңалықтарымен қуантпақ.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика