«Хабар» Агенттігі 2017 жылды қорытындылады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Хабар» Агенттігі басшылары – Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова, Басқарма Төрайымының орынбасары Ренат Кертаев, «Хабар» арнасының директоры Ерлан Игісінов, «Хабар 24» арнасының директоры Арман Сеитмамыт және «Kazakh TV» арнасының директоры Сандуғаш Рақымжанованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Спикерлер журналистерді Агенттік және оның арналарының бір жылдық қызметтерінің нәтижесімен таныстырып, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған жаңа жобаларымен, іс-шараларымен бөлісті.

Басқарма Төрайымы «Хабар» Агенттігінің 2017 жылғы жұмысын қортындылай келе, былтыр маман даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмысы жүйелі жүргізілгеніне де тоқталды.

«Осы мақсатта «TRT» телерадиокомпаниясы, «Anadolu» ақпарат агенттігі және «France 24» телекомпаниясымен келісім жасалды. Қызметкерлер «Дыбыстық инженерия», «Операторлық шеберлік», «Жарық беруші шеберлігі», «Әскери журналистика», «Энергетикалық журналистика» және т.б. бағыттар бойынша білім алды. Жыл қорытындысы бойынша Қоғам қызметкерлерінің 70% білім алып, біліктілігін жетілдірген», – деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанова.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика