Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек

Орталық коммуникациялар қызметінде  «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова пилоттық режимде  мемлекеттік органдарда жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу туралы баяндады.

Айгүл Шаимова  факторлы-баллдық шкала негіздегі мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық қызметақыларын құру және бонустар жүйесі, бұрын тәжірибеде қолданылған жүйеден жаңа жүйенің негізгі айырмашылықтары, мемлекеттік қызметкерлер еңбегінің нәтижелері қалай және қандай өлшемдер бойынша бағаланатыны туралы хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Ғанижан Асанұлы жаңада енгізіліп жатқан еңбек ақы төлеу жүйесі туралы кеңінен баяндады.

«Жаңада енгізіліп жатқан еңбек ақы төлеу жүйесі негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі, тұрақты түрде алып отыратын жалақы, сонымен қатар жыл соңында оның нәтижесіне байланысты алатын бонустар. Бонусқа келе тін болсақ, бұл неге жылдың соңында? Әрбір мемлекеттік органның алдында жыл басында стратегиялық міндеттер, мақсаттар қойылады. Егер мемлекеттік орган жыл соңына қарай қандай да бір стратегиялық міндетке жете алмаса немесе оның қызметі керісінше тиімді болып табылмаса, онда тек мемлекеттік органның басшысы ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік қызметкерлерге де түседі. Себебі, күнделікті өмірде мемлекеттік орган алдында тұрған міндеттерге тікелей қызметшілердің де әсері бар. Тиісінше әрбір қызметші жыл соңында белгілі бір бонусқа қол жеткізгісі келсе, ол өзінің қызмет тиімділігін сонымен қатар жұмысқа деген жауапкершілігін ароттырады. Және де бонустың енгізілуі ең алдымен бәсекелестік тудырады. Бәсекелестік бар жерде сапаның артатыны айқын», – деді ол.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика