Фатима Жақыпова: «Мемлекеттік қызметкерлер соңғы үрдістерден хабардар болуы керек!»

Мемлекеттік қызметті цифрландыру және ІТ дағдыларды дамыту, басқарудың заманауи әдістері, оның ішінде Қазақстан Республикасына жобалық басқаруды енгізу, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметтің, соның ішінде өңірлердегі әлеуетін дамыту. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін дамыту үшін қабылдаған шаралар туралы айтылды.

Қазір оқытушы-профессорлық құрам анықталуда деген жаңалықпен бөлісті ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова.

«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру бойынша одан әрі жұмыс істеу керек. Бұл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға қатысты. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің IT әлеуетін, оның ішінде күнделікті жұмыста IT-инструментарияны қолдана білуді күшейту де айрықша орынға ие. Осы мақсатта 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Цифрлық Академия» жобасы жүзеге асырылатын болады.

Осы бағытта қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің өзгерістерге дайын болуы да аса маңызды болып табылады. Болып жатқан үдерістердің жылдамдығын ескеріп, тек мемлекеттік органдар қызметіне өзгерістер енгізіп қана қоймай, ең жаңа үрдістердің алдында болуымыз қажет», – деді Фатима Жақыпова.

Сондай-ақ, ректор өңірлердегі мемлекеттік қызмет әлеуетінің тиімділігін арттыру жағдайында «көркейген өңірлер – мықты Қазақстан» формуласы жаңа импульске ие болуда екенін және Қазақстанның әрі қарай дамуына қызмет ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде, өңірлік мемлекеттік қызметті әрі қарай дамыту жаңадан құрылған Академияның өңірлердегі филиалдарымен байланысты болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика