Ет бағасы қымбаттайды ма?

Бұл сұраққа Орталық коммуникацияларының ақпараттық алаңында ауыл шаруашылық бойынша ресми өкілі Зейін Әліпбек жауап берді.

«Бүгінгі күні ішкі нарыққа етті негізінен шағын шаруашылықтар мен жеке шаруа қожалықтары өндіріп отыр. Бірақ, олардың бүгінгі күні бірден ет экспорттауға мүмкіндіктері аса көп емес. Біз, негізі, етті экспортқа арнайы бордақылау алаңдарынан ғана шығарамыз, ал ол адаңдардың бүгінгі күні 40-45 % ғана жүктемемен жұмыс істеп тұр. Оның негізгі екі себебі бар, біріншісі – күні кешеге дейін еліміздің сырт елдерге ет экспорттау мүмкіндігінің болмауы, ал екіншісі – жемдеу базасы мәселелерінің шешілмеуі. Бірінші мәселе өткен жүмада ғана өз шешімін тапты, ал екінші мәселеге тоқталатын болсақ, елімізде жаңадан іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарлама бар, ол осы жайылымдарды, көп жылғы егістіктерді,  жемдеу базаларын жақсартуды қолға алуды қарастыратын бағдарлама. Міне, осы жемдеу базалары мәселесі шешілген жағдайда, олар толық жүктемемен жұмыс істеген күні, бізде қосымша 35-40 мың тонна ет өндірілетін болады. Буған қоса, ауылдық кооперациалармен отбасылық бордақылау алаңдары да көбейген күні, тағы да қосымша 35-40 мың тонна ет өндірілетін болады. Міне, осы 70-80 мың тонна ет еліміздің ет экспортының әлеуеті болып есептеледі», – дейді спикер.

Сонымен қатар, Зейін Әліпбек, еліміздегі ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, еліміздігі ет экспортының көлемі 12 мың тонна, ал бүгінгі күнде Қазақстанда жылына 900 мың тонна ет өндіріліп және тұтынатындығы жайлы айтып өтті.

Ресми өкілінің пікірі бойынша, жалпы ет бағасының өсуінің бір ғана себебі бар – ол көктем сайын қайталанып отыратын маусымдық ет бағасының өсуі. «Елімізде ет бағасы маусым, шілде айларында тұрақтанады.  Жалпы, еліміздегі етпен көгеніс бағаларының маусымдық құбылуының тұрақтануының ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл кооперациаларымен отбасылық бордақылау алаңдары, жылыжайлардың көбеюімен байланыстырып отыр.  Осыған байланысты екі бағдарлама бар, олар – агроөнеркәсіп кешенін дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары. Бұл бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, нәтижесін көп ұзамай көреміз деген үміттеміз», – деп сөзін түйіндеді Зейін Әліпбек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика