Еліміздің әртістері Еуропаны аралайды

 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Еуропаның барлық қалаларында үлкен тур ұйымдастырмақ. Оның аясында бес негізгі музыкалық спектакльдер өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, «Astana Musical» музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақонцерт» мемлекеттік мекемесінің бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының директоры Наталья Дубс толығырақ мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz

Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласын іске асыру және «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» ауқымды мәдени жобаны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Astana Musical» музыкалық театрының әртістері, Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының әртістері және «Қазақонцерт» мемлекеттік мекемесінің ұжымы 2017 жылдың желтоқсанында Еуропа бойынша үлкен тур өткізеді. Бұл турдың бағыты Берлин (Германия) – Париж (Франция) – Вена (Австрия) – Брюссель (Бельгия) – Мәскеу (Ресей) сияқты ірі еуропалық мәдени астаналарды қамтиды. Еуропа туры 3 желтоқсанда Берлинде басталып және 14 желтоқсан күні Ресейде аяқталады. Бұл бірлескен гастрольдер «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» ауқымды мәдени жобасын жүзеге асыруға елеулі үлес болып табылады», – деді Асхат Маемиров.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика