Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы сынамалы жобаның іске асырылу барысымен танысты

 

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Ақтөбе» алқабында несиеге берілетін әрі жылдам салынатын бір қабатты және екі қабатты тұрғын-үй құрылысының жай-күйімен танысты, хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті еліміздің тұрғындары үшін «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.

– Халықтың әл-ауқатын арттыруда бұл бағдарламаның маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың жайлы тұрмысы үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастырып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы жөнінде баяндады. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы биыл облыстағы 1000-нан астам отбасын тұрғын-үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Соңында Елбасы аталған жобаны іске асыруға атсалысып жатқан құрылыс компанияларының өкілдерімен әңгімелесті.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика