Елбасы «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығына барды

Мемлекет басшысы астық алқабының жағдайымен және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысты, хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы егін ору науқаны және оған ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың шаруаларымен әңгімелесіп, ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы жөнінде сұрады.

Әңгіме барысында шаруашылық еңбеккерлері Елбасыға қабылданған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірге субсидия беру, аграрлық өнімдер экспортын дамыту және шаруашылықты технологиялық жаңғырту мәселелерін талқылады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика