«ЭКСПО-2017» көрмесінде Корея Республикасының апталығы аясында маңызды іс-шаралар жоспарланған

«ЭКСПО-2017» көрмесінде өтетін Корея Республикасының апталығына арналған баспасөз жиыны болып өтті. Ақпарат саласының өкілдеріне Корея күндерінде қамтылатын бағдарламалар кестесі таныстырылды. Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ким Дэ Сик екі ел арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті Кореяның жаңа билігі қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды «ЭКСПО-2017» көрмесінің медиа орталығы.
«Өзге мемлекеттер ұлттық күндерін бір күнге жоспарлаған. Ал ЭКСПО-дағы Корей павильоны 4 күнге созылатын маңызды деген 5 іс-шараны өткізбек. Бұл Қазақстанның Корея үшін стратегиялық маңызға ие мемлекет екенінің айғағы. Одан әрі екі ел арасындағы бірлікті нығайту үшін күш саламыз»,-деп атап өтті Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі
Баспасөз-конференциясы барысында «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Корея павильонының директоры Бён Йонг Соп аптадағы іс-шара жайлы толығырақ айтып берді.
18 шілде «Сарыарқа» велотрегінде К-ПОП концерті, “K-Culture Party” өтпек. Концерке AOA, B1A4, HIGHLIGHT, Ninety One и Black Dial топтары қатысады.
19 шілде Кореяның Ұлттық күндері өтеді. Көрерменге мәдени бағдарлама ұсынылып, кең ауқымды парад ұйымдастырылады. Шараға Корея Павильеонының құрметті өкілі, актер Со Кан Джун қатысады. Сол күні “SOS Балалар ауылы” халықаралық қайырымдылық ұйымына көмек көрсету туралы келісім-шартқа қол қойылып, павильонға келуші жүз мыңыншы көрерменді анықтайды. Қонаққа арнайы сыйлық та бар.
«Риксос» қонақ үйінде Қазақстан мен Корея Мемлекеттері арасында энергетикалық форум өтеді. Болашақ энергиясы жайлы екі тарап ой-пікір аламасатын болады. Форумда ҚР Энергетика министрі мен Кореяның сауда, өндіріс, энергетика министрлігі өкілдерінің кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, форумға Кореяның сауда және инвестиция агенттігі мен Электроэнергияның кореялық корпорациясы қатысады. Форумның тақырыбы – «Қазақстан мен Кореяның болашақ энергиясын жаңа климаттық жүйеге енгізу»
21 шілде опера және балет театрында дәстүрлі әншілердің орындауындағы корей халық әндерін тамашалауға болады. «ЭКСПО-2017» көрмесі түрлі халықтың техникалық мүмкіндігінен бөлек, рухани-мәдени құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік беретін алаң болып табылады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика