ЭКСПО-2017 көрмесінде израиль павильонының тұсаукесері ең үздік болып танылды

Астана қаласында 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында болып өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қорытындылары бойынша израиль павильоны Exhibitor Magazine беделді журналының «Ең үздік тұсаукесер» санатында жеңімпаз бола отырып, ең үздік павильон болып танылды.

Израиль арнайы ЭКСПО-2017 көрмесіне AVS Creative Solutions израильдық компаниясы әзірлеген павильон алдындағы интерактивтік аймақта екі керемет шоу қою арқылы баламалы энергетика саласындағы өзінің сәтті тәжірибесін көрсетті. «Энергия елі» деп аталатын бірінші шоу көрмеге келушілерді шексіз энергия ағыны әлеміне бөлеп, күнгей Израиль еліне саяхат жасағандай әсер қалдырды. Бұл шоуға келушілер осы жас мемлекеттің 69 жыл ішінде өз кемшіліктерін оң істерге бағыттап, яғни мемлекеттің әлеуетін дамытуға пайдалана отырып, супертехнологиялық державаға айналғандығын тамашалады. Белгілі хореограф Артур Астман дайындаған бірегей би шоуында «Жасампаздық энергия» деп аталған екінші шоудың тұжырымдамалық идеясын тамашалауға мүмкіндік туды. Бұл шоуда «Болашақтың энергиясы» тақырыбына қойылған интерпретация, Болмыс Кітабында айтылғандай, барлығы «Жарықсыз өмір жоқ» сөздерінен басталады, білімді, шеберлікті және әуесқойлықты оятатын болашақты жасауға жағдай тудыратын адамның жасампаздық энергиясына басты орынды бере отырып, Израильдің әр түрлі энергия көздері туралы айтылады.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі жұмысын қорытындылай келе, израиль павильонының бас комиссары Элазар Коэн: «Біздің павильонның жемісті жұмысы мен жалпыға танылуы ең алдымен, бірлесе отырып, табысты қызмет жасаған жас шамалары мен ұлты әр түрлі және діни конфессиялары әр бөлек біздің тату, ынтымақты командамыздың бірге жасаған қызметі арқасында мүмкін болды»,-деп атап өтті. – «Әрбір көрмеге келуші адам Израиль туралы өзіне пайдалы ақпарат алып, позитивтік жасампаздық энергиядан қуат алсын деген барлығымызды біріктірген жалпы мақсат болды. Біз Астана қаласына және қазақстандықтарға құшақ жая қарсы алып, біздің жұмысымызды құндылығына қарай бағалағанына алғысымыз шексіз».

ЭКСПО-2017 көрмесіне сансыз көп келушілердің пікірі бойынша Израиль павильоны ең қызықты және де әсерлі павильондардың бірі болғанын естеріңізге сала кетейік. Міндетті түрде көруге болатын топ-5 павильондардың және көрмедегі ең тамаша шоулардың топ-5 қатарына енді.

Көрме өткізген уақыт ішінде израиль павильонына келушілерге Израильдің алуан түрлі мәдениетімен танысуға, ол елдің өткені, қазіргісі және болашағымен таныса отырып, әр түрлі семинарлар мен конкурстарға қатысуларына мүмкіндік туды. Израиль павильоны ЭКСПО-2017 қатысушы елдерден 50 жоғары шенді тұлғаны қоса санағанда, 350 мың қонақтарды қарсы алды. Израиль павильонының жұмысы барысында 6405 шоу көрсетілді, әр түрлі БАҚ-на 100-ден астам интервью мен комментарийлер берілді және 500-ден артық материалдар жарияланды.

Медиацентр ЭКСПО

Comments are closed.

Яндекс.Метрика