Экспедиция қатысушылары теңіз деңгейінен 4 892 метр жоғары Винсон шыңынан қазақстандықтарды Тәуелсіздік Күнімен құттықтады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік Полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының қорытындысы туралы баспасөз-конференциясында «Қазақ Географиялық Қоғамы» ҚБ Төралқа Төрағасы Төлеген Тастанбеков мәлім етті.  Спикердің айтуынша, Антарктидаға барған «Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясы сәтті аяқталды. Бұл жобаның үш кезеңі – Винсон шыңына шығу, шаңғы экспедициясы мен ғылыми зерттеулерді жүргізу жүзеге асырылды. Еліміздің тарихында алғаш рет Тәуелсіздік Күні Қазақстанның мемлекеттік туы Антарктиданың ең биік нүктесіне көтерілді.

Аталған полярлық экспедиция еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен және «Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің демеуімен өткізілді.   42 күннің ішінде экспедиция мүшелері Винсон шыңына шапшаң шығып, Оңтүстік полюске шаңғымен жетіп, Антарктиданың қаһыраған аязында ғылыми зерттеулер жүргізіп қайтты. Экспедицияға ғалымдар мен атлеттер қатысты. Бұл жобаның ғылыми бөліміне биология саласында және Антарктиданың төтенше  жағдайында адам физиологиясына әсер беретін деректерді талдаған жас қазақстандық ғалымдардың зерттеулері енді. Қазіргі таңда зерттеулерге сарапта жұмыстары жүргізілуде. Келешекте олардың нәтижесі бойынша дөңгелек үстел мен шебер-сыныптары өткізілмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика