eGov арқылы төлемдер мөлшері 41,5 млрд теңгеден асты

Жүйе іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 41,5  млрд. теңгеден асты. Бұл ретте тек ағымдағы жылдың  9 айында www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар 12,5 млрд.-тан астам теңгеге операциялар жасаған. Өткен жылдың статистикасы  бойынша төлемдер мен аударымдар 14,2  млрд. теңгеден жоғары соманы құрады.

Қандай қызметтер сұранысқа ие?

Биылғы жылдың 9 айында онлайн түрде жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жиірек төленетін болып шықты, олардың үлесіне төлемдердің 84 %-ы   немесе 10,5  млрд. теңгеден астам сома тиесілі. Келесі салықтар мен баж салығы, алымдар барлық төлемдердің 11%-ын(1,3 млрд. теңгеден астам) құрады. Сондай-ақ азаматтар электрондық порталды Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шоттарын толықтыру үшін белсенді түрде пайдаланады – ол барлық төлемдердің 4%-ы (555 млн. теңгеден астам). Ал коммуналдық төлемдерге, БКБ қарыздарын өтеу мен ұялы телефон байланысына төлемдер 0,3 %-ды (35 млн. теңгеге жуық) құрайды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика