«EduTech» білім беру жобасының старт-апы іске қосылады

Білім саласындағы тың идеялар мен жаңа жобалар қолдау таппақ. ҚР Білім және ғылым министрлігі білім технологияларын анықтайтын байқау өткізеді. Республикалық білім бәсекесін ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығы қолдайды. Байқауға өтініштер бүгіннен бастап қабылданады. Ал, нәтижесі 22 тамыз Республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында белгілі болады.
«Байқау арқылы білім саласындағы стартап жобалардың жарыққа шығуға мүмкіндігі бар. Конкурс негізінде үздіктер анықталатын болады. 11 тамызға дейін конкурстың финалистерін жариялаймыз»,-деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Тынышбайұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда. Стартап жобалар білім саласындағы методика, сандық технологиялар мен білімді жаттықтыру тренажерларына қатысты жаңалығымен болуы шарт. Байқау туралы толық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығының ресми сайтынан алуға болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика