«Достық жолымен» атты көрме ұйымдастырды

Қазақстан халқы ассамблеясы «Достық жолымен» атты көрме ұйымдастырды. Ашылу салтанаты халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтті.

Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп жасаған көрмеде Қазақстанның жас елордасы Астанаға арналған Владимир Куриловтың және Василий Красьтың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ашып көрсететін фото туындыларын ұсынды.

Владимир Курилов еліміздің бас қаласы Астананың жылнамашысы ретінде танымал.

«Мен суреттерді биік ғимараттардың төбесінен, тосыннан әртүрлі сәттерде түсіргенді ұнатамын. Бүгінгі ұсынған туындыларымның арасынан қаланың күндізгі және түнгі өміріндегі көңіл-күйлерді аңғаруға болады. Әсіресе астананың панорамалық суреттері өзіме аса жақын. Міне осындай суреттер үшін биік-биік ғимараттарды бағындырып қана қоймай, қатаң ережелерді де бұзуға тура келеді», – дейді автор.

Қазіргі таңда оның суретттері өте құнды, өйткені оларға елорданың және Қазақстанның тарихы түсірілген. Уақыт өте келе кез-келген тарихи жылнаманың тағдырын қайталап олардың құндылығы арта түседі.

Шара ұйымдастырушылары «Василий Красьтың фотосуреттері елордан тыс жерлерге де жақсы таныс» дейді.

«Василий Владимировичтың білуге құмарлығы, өмірге құштарлығы оның фотосуреттерінен айқын бейнеленеді. Ол қоршаған ортаны ерекше сезіне алады, уенді  ұғыну қабілеті бар музыкант ретінде композиция жасай алады. Адамдармен де жақсы жұмыс істейді. Автор камерасының объективі арқылы әртүрлі оқиғаларды жеткізе біледі», – деді олар.

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика