«Даму» Қоры мен Азия Даму Банкі 72 млрд теңге сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Азия Даму Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігімен 72 млрд теңге сомасындағы қарыз туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ortcom.kz

«Бүгінгі күні Қор «ЦентрКредитБанкі» және «Нұрбанкпен» несие келісіміне қол қойды. Алдағы уақытта «Kassa Nova банкі» мен «Forte Bank» және «KMF» микроқаржы ұйымымен жалпы сомасы 48 млрд теңгеге келісімге қол қойылады. Банктер бұл қаражатты экономиканың барлық салаларындағы микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толтыру, негізгі құралдарды жаңартуға жұмсайды. Сондай-ақ басқа банктен алған несиелерді қайта қаржыландыруға да болады. Бір борышкердің қолына 1 млрд 80 млн теңгеге дейін, нарықтық номиналды сыйақы мөлшерлемесімен, жылына 15% пайыздан аспайтын етіп, 36 айға дейін беріледі», – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даулет Әбілқайыров.

Сонымен қатар ол, «Даму» Қоры 2011 жылы Азия даму банкінен 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі (107,2 млн теңге) заемды үш транш арқылы 2011, 2014, 2015 жылдары мемлекеттің кепілдігімен алғанын тілге тиек етті.

«Қарыз салалық шектеусіз берілді. Үш траншты да игеру нәтижесінде 210,9 млрд теңгенің 2 мың жобасына қолдау көрсетілді. 2016 жыл соңында 4 844 жұмыс орны пайда болды. Мұнымен қатар, «Даму» Қоры отандық кәсіпкерлерді қолдау аясын кеңейту үшін Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа инвестиция банкі және «Al Hilal Ислам банкі» АҚ секілді халықаралық қаржы ұйымдарымен тығыз жұмыс істейді», – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика