Дүниежүзілік банкпен байланыс

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы және дүниежүзілік Банкі арасындағы сот төрелігі секторын интитуционалды нығайту жобасы жөніндегі келісім туралы баспасөз мәслихаты өтті. ҚР Әділет министрлігі Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп, мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі және нотариаттық қызмет көрсетуді тіркеу қызметіне қатысты заңнаманы реформалау жөніндегі жобаны іске қосқандығы жөнінде айтылды.

«Жоба халық сенімінің жоғарғы деңгейі мен ұсынылған бағыттар бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізген АҚШ, Венгрия, Польша, Чехия  және Түркия сияқты дамыған шет мемлекеттердің тәжірибелері мен талдауына негізделген заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Бір жыл ішінде консультациялық көмек беру түрінде іске асырылатын болады», – дейді Әділет министрілігі тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің  директоры Бақтыгүл Атағазиева.

Ұйымдастырушылардың айуынша, Жоба құқықтық базаның маңызды элементтерін нығайтуда жәрдем беруге шақырады, сондай-ақ сот төрелігі секторын дамыту мен нығайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру үшін Әділет министрлігімен Грузия және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде жеке және мемлекеттік секторды реформалауда мол тәжірибесі бар GLCC Solutions ұйымы мен Польшаның заңнамаларын жетілдіруде сәтті тәжірибеге ие болған Miller Canfield заңды фирмасы атынан халықаралық сарапшылар тартылған.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика