Биылдан бастап 2, 5, 7 сыныптар жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасына көшеді

Жыл сайын елімізде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Тамыз кеңесі» өтеді. Биылғы шара жаңа форматта жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметінің директоры Шолпан Каринова айтты.
Спикер «Тамыз кеңесі» барлық мұғалімдер үшін аса маңызды шара екенін атап өтті және конференция барысындағы секциялық жұмыстар әр облыстың орталығында өткізілетіндігін баяндады.
– Ең үлкен секция бұл – білім саласын жаңартылған мазмұнға көшу секциялары. Бұл секциялар әр облыс орталықтарындағы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» базасында өткізілетін болады. Өздеріңізге белгілі біздің саламызда былтырғы оқу жылынан бастап жаңартылған мазмұн енгізіліп келе жатыр. Бұл бірқатар өзгерістермен байланысты. Айта кететін тағы бір жайт, 2, 5, 7 сыныптар биылғы жылы осы жаңарту мазмұнына көшіп, олар үшін жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар және сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары қарастырылған. Осы сұрақтар облыс орталықтарында өтетін секцияларда мұғалімдермен, білім саласы өкілдерімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен жете талқыланады», – деді Ш.Каринова.

Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметі директорының айтуынша тамызда болатын кеңесте былтырғы оқу жылының негізгі сұрақтары талқыланып, оған сараптамалар жасалынып, алдағы оқу жылына жүйелі жоспар жасалынады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика