Биыл елімізде 369 мың бала 1-сыныпқа барады

Биыл республикада 75 жаңа мектеп ашылады. Елімізде 369 мың бала білім ошақтарына 1-сыныпқа барады. Ал, ұстаздар саны 325 мың маманды құраса, жаңа оқу жылында 10 мың жас маман мұғалім болмақ деп хабарлайды www.ortcom.kz
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда ҚР Білім және ғылым министрілігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Зейнеп Мақсұтова мәлімдеді.
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының басталуына арналған жиында биылғы акцияның «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілетіні айтылды. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған балаларға көмек көрсетіліп қана қоймай, мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, пәтерлерді аралау арқылы анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылады. Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылуға және қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуге шақырды. Барлық акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің телефонына – 8 (7172) 74 21 40, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына хабарласуға болады. Республикалық акция 2017 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде өтеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика