«Бір әуен, бір өлең» атты ән-жыр кеші өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д. Бықыбаев мәлімдеді.
Спикердің сөзінше 29 шілде күні елімізге танымал ақындар мен әншілердің бірлескен.
– Бір әуен, бір өлең» атты ән-жыр кеші өткізіледі. «Кешті ақын Маралтай Райымбек жүргізіп, елімізге танымал жергілікті ақындар мен композиторлардың әндерін облыстан шыққан өнерпаздар орындайды. Сонымен қатар, кештің құрметті қонақтары – Д.Таңатаров, Қ.Нұртас, Қ.Жүнісов, И.Расылхан болады, – деді Д.Бықыбаев.
Айта кететін тағы бір жайт, «ЕХРО-2017» көрмесіне әлемнің әр түкпірінен келген қонақтарға «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихымен таныстыру мақсатында 20 мамырда «Көне Тараздан» салтанатты түрде жөнелтілген «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені 26 шілдеде Астана қаласына ат басын тірейді.
Керуенді қарсы алу шаралары «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» өтеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика