Бернадетт Герлингер: ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы»  барлық әлем үшін маңызды

 

Бүгін Астанада Халықаралық мамандандырылған көрме аумағында Австрия Республикасының Ұлттық күні аталып өтті. Іс-шараға Австрия Республикасының Ғылым, зерттеу және экономика министрі  Бернадетт Герлингер, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Австрияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Герхард Сайллер, сондай-ақ  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов қатысты.

Бернадетт Герлингер өз сөзінде Астанада Көрмесі таңдаған тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше қазіргі уақытта «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүкіл дүниежүзі үшін өзекті болып отыр.

«Қазақстан ЭКСПО өткізу үшін аса өзекті тақырыпты таңдаған. Болашақ энергиясы тақырыбының экономика  мен экология  бағыттарында маңызы зор. Энергетиканы, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану бүкіл дүниежүзі үшін аса маңызды», – деді Бернадетт Герлингер.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астананың ТМД елдері арасында Халықаралық көрмені бірінші болып қабылдағанын атап өтті. Сондай-ақ вице-министр Қазақстан елордасында ЭКСПО-2017 өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанда ЭКСПО-2017 өткізу үлкен абырой ғана емес, сонымен қатар жауапты міндет болып табылады. Болашақ энергиясы  – көрменің тақырыбы экономикалық өсімнің жаһандық қисынына сай келеді, оның негізінде жаңартылатын және баламалы энергия көздерін пайдалануды жақсарту  жатыр. Мен біздің көрменің қазіргі заманғы дүниетанымда жаңа бағыт болып, жаһандық ауқымда таза энергияны пайдалануға қатысты жаңа идеяларды алға бастыратынына сенімдімін» деп қорытты Роман Василенко.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика