Бензинді тұтыну мөлшері көбейгендіктен, өнім бағасы қымбаттады

Қазақстанда мұнай өңімдерін тұтыну жыл сайын артып келеді. Бұл еліміздегі жеңіл автокөліктің едәуір көбейгенімен тікелей байланысты. Мәселең, 2001 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2001 жылы еліміздегі жеңіл көліктің саны 1 млн. 58 мың  болса, 2016 жылы бұл сан 3 млн. 924 мыңды құрады. Осыған сәйкес мұнай өнімдерін тұтыну көрсеткіші де 2001 жылы 3 млн. 590 мыңнан 2016 жылы  8 млн. 775 мыңға артты. Еліміздегі көлік саны мен мұнай өнімдерін тұтыну мөлшерінің артуынан бензин бағасы өсті. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз –конференциясы барысында мәлім етті.

Спикердің айтуынша, сұранысқа сай мұнай өңдеу зауыттары да жыл сайын өз өнімдерінің көлемін арттырып келеді. Аталған аралықта, яғни 2001 жылы автокөлік бензинің өндіру көрсеткіші  1 млн. 536 мың тонна болса, 2016 жылы 2 млн. 900 мың тоннаға дейін өсті.

Дей тұра, елімізде мұнай өнімдерін өндіру екі есеге артқанымен, Қазақстан әлі де импортқа тәуелді. Елдегі тұтынатын бензиннің 30 пайызын, ал дизельді отынның 15 пайызын Қазақстан көрші Ресейден сатып алады. Нарықтағы баға саясаты да сол жанар-жағармайды сатып алу мүмкіндігін ескере отырып, қалыптасады.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика