«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім»  жобасы  іске  асырылуда

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» Жобасының іске асырылу барысы туралы баспасөз конференция  өткізілді.

Жиынға қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017 жылдан бастап іске асырылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар ол нарыққа қажетті мамандықтардың тізімі қалай жасалатынын айтып өтті.

«Біз республикамызда бар мамандықтардың 80% бойынша жұмысшы мамандықтарына білім алуға мүмкіндік бердік. Бұның алдында 20% ғана болса, қазір 80%-ға көтеріліп отыр. Оған жетіспей отырғаны 300 колледжде лицензиялар алу керек болды. Қазіргі уақытта олардың барлығы өзінің лицензияларын алды. Ол бір. Екіншіден, біз қоғамға қандай мамандықтар керек деген сұрақтың төңірегінде көп жұмыс жасадық. Бұл бойынша методика бар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2016 жылы бекітілген методикасының аясында жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге және жұмыс берушілермен де тыңыз байланыстамыз. Сол кезде нарықтың сұранысына сай келетін мамандардың тізімі жасалады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді курстар жүргізіледі.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика