Б.Сапарбаев: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру – ең маңызды басымдық

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуна ерекше тоқталды.

– Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбеде 28-29 қыркүйек күндері алғаш рет «Туған жер» республикалық форумы өткізілді. Бұл шара әлеуметтік демеушілікті одан әрі белсенді дамытуға ынталандырды, – деді облыс әкімі.

Форумға әлемнің 21 елінен 300-ден астам ақтөбелік жерлестеріміз қатысып, жалпы құны 76 млрд. теңгені құрайтын 20-дан астам меморандумға қол қойылды, 160-тан астам кездесулер, тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізілді.

Форум қорытындысының тағы бір оңды нәтижесі оған қатысушылардың әлеуметтік нысандардың құрылыс жобаларына 5 млрд теңге демеушілік көмек беруге ниет білдіргендігі болып отыр.

Республикалық форум «Tуған жерге тағзым» акциясының ауқымын кеңейтуге пәрменді ынталандыру болды. Акция шеңберінде биыл 2,8 млрд. теңгеге әлеуметтік нысандарды абаттандыру, салу, қайта жаңарту бойынша 555 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 3,1 млрд. теңгеден астам қаражатқа 440 жоба іске асырылады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Яндекс.Метрика