БҚО-да «Рухани жаңғыру» музейін ашу жоспарда бар

Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өңірдің 2017 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында облыс басшысы жыл соңына дейін өңірде «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарланып жатқанын баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz

Алтай Көлгінов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер өңірде жоспарға сай жүзеге асырылып жатқанын, облыс тұрғындары латын әліпбиіне көшу, «Туған Жер» бағдарламасын белсенді қолдайтынын айтып өтті. батыс

«Облысымыздан Қасиетті орындар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қалашығы мен «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға жетті. Яғни, қосымша Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі. Сонымен қатар, өңірімізде жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарлануда. Өңірімізден Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда», – деді Алтай Көлгінов.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика