БҚО-да Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды


Байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері Күні қарсаңында Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ашылуы өтті. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Артур Нығметов бұл бөлімшенің еліміздегі мемлекеттік ақпараттық саясатты дамытуға өз үлесін қосатынына сенімді.
Батыс Қазақстан облысында ОКҚ-ның филиалын ашу – транспарентті мемлекетті қалыптастырудың кезекті қадамы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында бұған ерекше көңіл бөлген болатын.
ОКҚ-ның өңірлік бөлімшесі мемлекеттің жұмысы туралы қоғамға толық ақпарат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз байланыс орнату үшін ашылған болатын.
Ашылу салтанаты кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов және ОКҚ директоры Артур Нығметов оқиғаның маңыздылығын атап өтті.
– Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов пен ішкі саясат басқармасы басшылығына қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Өңірлік кқммуникациялар қызметі еліміздегі мемлекеттік ақпараттық саясатты дамытуға өз үлесін қосатынына сенімдімін , – деді Артур Нығметов.
ӨКҚ басшысы болып Батыс Қазақстанда облысының тумасы Дәурен Сәкенұлы тағайындалды. БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің сұхбат алаңында мемлекеттік органдар мен облыстың қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер бойынша бримфингтер мен баспасөз конференциялар өткізу жоспарлануда.
Жуық арада, Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы Маңғыстау облысында ашылады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика