БҰҰ өкілі Қазақстан дипломатиялық қызметінің жұмысын жоғары бағалады

Нью-Йорк – Астана телекөпірі барысында БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшесі Мирослав Енча Қазақстан дипломаттарының жұмысына жоғары баға берді.

«Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысына өз бағамды берсем деймін, – деді Мирослав Енча. «Менің ойымша қазақ дипломатиясы өзін жоғары кәсіби дипломатия екенін байқатты, байқатып та жүр. Өз тәжірибемнен білемін, Қауіпсіздік Кеңесте баяндама жасағанда, отырыстарда байқадым. Қауіпсіздік Кеңестің мүшелері, БҰҰ Бас Ассамблеясының мүшелері бұл жұмысты жоғары бағалады», – деп ойлаймын деп көрген-білгенімен бөлісті Мирослав Енча.

Спикер Қазақстан мен Қауіпсіздік Кеңестің БҰҰ Бас хатшысымен жұмыла жұмыс істеуі өте маңызды екеніне тоқталды. «Мен ол бірқалыпты және конструктивті жүріп жатыр дер едім. Қазақстанға алдағы уақытта та бұл жұмысты осылай конструктивті әрі кәсіби тұрғыда жүргізуін жалғастыруды тілеймін», – деді М.Енча.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика