Бүгінде 52 білім беру нысаны іске қосылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Сандуғаш Жақыпова мәлімдеді.
Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салалық экономика департаментінің директоры Ержан Қазанбаев жаңа мектептер мен балабақшалар құрылысы туралы айтып, бүгінде 52 білім беру нысаны іске қосылғанын тілге тиек етті. Ол Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2018 жылға қарай үшауысымдық оқытуды жою және апаттық жағдайдағы мектептерді азайту бойынша, сондай-ақ 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін 105 білім беру нысанының, оның ішінде 91 мектеп, 19 балабақша құрылысына 77 млрд.теңге бөлініп отырғанын еске салды.
«Бүгінде 53 білім беру нысаны іске қосылды, оның 35-і мектеп және 17-сі балабақша. Ағымдағы жылы қосымша 71,7 млрд.теңге жоспарлануда. Бұл бұрын басталған 58 білім беру нысанын аяқтауға және 56 жаңа нысанның құрылысын бастауға мүмкіндік береді», – деді спикер.
Сонымен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Сандуғаш Жақыпова 52 білім нысанының қай облыстарда іске қосылғанын баяндады. «Бұл нысандардың барлығы еліміздің әр облыстарында бар. Олардың ішінде ең көбі Алматы облысында 10 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысында 10 мектеп, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 5 мектептерден, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 нысан, қалған облыстарды 1,2 нысаннан іске қосылды» – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика