ҚазМедиа Орталығында «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін ұйымдастырады

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен ҚазМедиа Орталығында «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін ұйымдастырады. Фестиваль қатысушылары – жас отбасылар.

Фестивалдің мақсаты – достық, төзімділік, отбасылық құндылықтарды, қарым-қатынастарды нығайту, халықтардың достығы, моральдық, рухани жағынан, үйлену жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау, көп ұлтты отбасының күнделікті өмірінің ерекшеліктерін таныту.

Фестиваль аясында 2017 жыл 29 қыркүйек сағат 12.00-де ҚазМедиа Орталығы киноконцерт залында үздік отбасыларға арналған конкурс өтеді. Осы кезеңде ең мықты ерлі-зайыпты жұптар «Ең  тату және талантты отбасы» атағына бәсекеге түседі. Сондай-ақ, тағы үш қосымша номинация бар: «Патриоттық сезімі терең отбасы», «Отбасылық құндылықтары жоғары отбасы», «Көрермен жүрегін ұялаған отбасы». Байқау аясында жас отбасылардың фотокөрмесі қонақтарға ұсынылады.

Қоғам қайраткерлері, мемлекет қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен басқа да қонақтардың қатысуы күтілуде.   Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика