Қазақстанның жоғары беделі ядролық қарусыздандыру мәселесінде мақсатқа жетуге көмектеседі

18 қаңтар күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңестің «Жаппай жою қаруын таратпау: Сенім шаралары» тақырыбында жиын өтеді. БҰҰ жаңа Бас хатшысы Антониу Гуттерешке әлем қауымдастығы үлкен үміт артады.

– Келесі аптада болатын Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Назарбаев мырзаның қатысуымен өтеді және ядролық қарусыздандыру мен осы бағыттағы сенім шараларына қатысты болады. Пікір-талас ядролық қарусыздандыру мәселесінде нақты нәтиже береді деп күтіледі, – деді  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Нью-Йоркпен бейнебайланыс кезінде БҰҰ саяси мәселелер жөніндегі БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча.

БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстанның ел ретінде беделіне, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделіне үлкен үміт артылатынын ерекше атап өтті.

– Семей полигонының жабу, ядролық қарудан бас тарту… Әрине, осындай қадамдарды әлемнің басқа да бөліктерінен көргенді қалар едік, – дейді Мирослав Енча.

Мирослав Енча сенім шаралары өте маңызды. Бұл тұрғыда Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісе алады. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ ядролық қарудан бас тарту үшін амалдар ұсына алар еді деген пікірде спикер.

Оның хабарлауынша, бұл мәселені талқылау үшін жиынға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары өкілдері қатысады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттереш те қатысу келісімін берді. Бұл жиынға жоғары мәртебе берумен қатар, мәселенің аса маңыздылығын аңғартады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика