Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жаңа технологиялар жүйесін енгізді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттеріне қызмет көрсетудегі жаңа технологиялардың енгізілгенін хабарлайды. Биыл мамыр айынан  QR–код арқылы төлем жүргізу іске қосылды. Салымшылар үшін смартфон арқылы депозит толықтыру мүмкіндіктері ашылды. Нәтижесінде клиенттермен жұмыстың сапасы артып, уақыт үнемделген.  

2016 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «ЖССБ 24» жүйесін енгізген болатын. ХҚО-дан  клиенттің төлем қабілетін растайтын анықтамасыз несие рәсімдеу мүмкіндігі болды. Жаңа жүйе арқылы клиент өзінің есепшотындағы сомасы мен сыйақы мөлшерін тексеріп, комиссиясыз несие төлемдері жүргізілген. Интернет-банкингтын қызметін пайдаланатын банк клиенттерінің саны 200 мың. Оның 47 мыңы мемлекеттік бағдарламаларда дистанционды түрде қатысты.

«Консультанттың әлеуметтік желісі» атты жоба арқылы 110 мың салымшы тіркелген.  Бағдарламаға сәйкес, депозитты үйде немесе кез-келген орында ашуға болады. Ол үшін банк консультанты интернетке қосылған планшетпен келіп тіркейді. Жаңа технологиялар банк пен клиенттің арасындағы жұмыстың жайлылығын қамтамасыз етеді, – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары  Жанар Жұбаниязова.

 

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика