Қазақстанның ІЖӨ 2017 жылда 4 пайызды құрады

Қазақстанның Ұлттық экономика вице-министрлері Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасап, сондай-ақ Министрліктің ағымдағы жылғы жоспарын белгіледі.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов өзінің баяндамасында, Қазақстанның ІЖӨ-сі 2017 жылғы қорытынды бойынша 4 пайызды құрағандығын еске салды.

«2017 жылғы басты экономикалық қорытындыны мына себептер бойынша сапалы деп атауға болады: 2/3 өсім өңдеуші емес салалар арқылы қамтамасыз етілді, барлық ішкі салада дерлік өсім орын алды (2016 жылғы 22 салаға қарағанда 2017 жылы 31 салада оң өсім болды), өңдеу өнеркәсібінде бесжылдық жоғарғы өсім тіркелді (2017 жылы өңдеу өсімі 5,1%), қалаулы деп аталатын салаларда елеулі өсім бар (мәселен, фармацевтика 41,8%-ға), шикізатсыз экспорт пен тереңдей өңделетін тауарларының ұлғаюы байқалады», – деп атап өтті Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика