Қазақстанның балалары мен жастарына арналған Ұлттық сенім Телефонының қызметі туралы  

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы Ұлттық сенім телефонының (жедел қызмет 111) қызметі мәселелеріне арналған баспасөз маслихат өтті.

Іс-шараға балалар және жастар ұйымдарының басшылары мен мүшелері, БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) және Орталық Азиядағы PRI Халықаралық түрме реформасының өңірлік өкілдігінің өкілдері қатысты.

Баспасөз маслихат барысында балалар мен жастардың сенім телефонына түскен өзекті мәселелері талқыланатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зорлық-зомбылықтан, немесе қатыгездіктен зардап шеккен немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған «сенім телефоны» ұйымдастырылған. Тәулік бойы «111»  телефон арқылы ақпараттық, консультациялық, психологиялық, заңгерлік көмек алуға немесе бала құқықтарының бұзылу фактілері туралы хабарлауға болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Зағипа Яхянқызы Балиева атап өткендей, «Егер қазір балалар 111 нөмірі арқылы көмек алу үшін жүгінсе, олардың пікірін, мәселелерін тыңдау үшін, қиындықтарын білу үшін барлық жағдай жасалған деп түсінуге болады. Өйткені, балалар қазір өмір сүретін уақытқа сәйкес, олардың көптеген қиындықтары мен ерекше талаптары бар. Кейбір кездерде олар туындайтын сұрақтарға жауап таба алмайды. Қазір біз оларға кез келген күндізгі және түнгі уақытта хабарласуы үшін барлық жағдай жасадық…»

Сенім телефоны қызмет атқара бастаған уақыттан бері, 2016 жылғы қараша айынан оған 2 млн-ға жуық қоңырау шалынып (2017 жылғы 8 ай бойынша 1 млн.              376 мың қоңырау), 5 мың бала мен жастарға жедел көмек көрсетілді, оның ішінде 1737 өтініш бойынша – психологиялық көмек, 473 бойынша – заңгерлік көмек көрсетілді. Сенім телефоны арқылы өтініш білдіргендердің ішінен: 18 жасқа дейінгі балалар – 1756, 29 жасқа дейінгі жастар – 901, 30 жас және одан жоғары – 2494.

Нәтижесінде 103 суицид жағдайы,  балаларға қатыгездік көрсетудің 42 жағдайына жол берілмеді, ересектер тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 7 балаға психологиялық қолдау көрсетілді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика