Қазақстанда жобалық басқару қарқын алды

Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобалық басқару негізінде жүзеге асырылып келеді. Жобалық кеңсе базасында «Рухани жаңғыру» және Үшінші Модернизация бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл аталған қарым-қатынас түрі республика экономикасының дамуы және мемлекеттік инвестициялық жобаларды сәтті іске асыру үшін қолданылатын басты құрал болып табылады.

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова аталған бағыт бойынша білім алуға мемлекеттік қызметкерлер үлкен қызығушылық білдіретінін айтты.

«Бүгінде мемлекеттік қызметке өзгерістерге дайын жас та дарынды адамдар келіп жатыр. Сол себепті олар жаңа және сапалы жобалар енгізуге асық», – деді спикер.

Фатима Жақыпованың айтуынша, өңірлер аса белсенділік танытуда. Өйткені, олардың алдына үлкен тапсырмалар қойылады. Осылай, жуырда  Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бойынша арнайы жеке кеңсе ашылды. Мұндай жұмыстар Жамбыл облысында да жүргізіп жатыр.

«Қолға алынған жұмыс нәтижесін жақын болашақта байқай аламыз деп ойлаймын», – деп қорытындылады Фатима Жақыпова.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика