Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы 72 жас

«Қазақстан еуропалық дамыған елдерден орташа өмір сүру жасы бойынша 8,5 жылға қысқа өмір сүреді, яғни бізде көрсеткіш 72 жас, дамыған елдерде 80,2»,- дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің дамуына арналған баспасөз конференциясында атап өтті, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

Сондай-ақ елімізде әйелдермен салыстырғанда ерлердің орташа өмір сүру жас мөлшері 9 жасқа төмен, әйелдерде бұл көрсеткіш 76,5 жас болса, ерлерде 67,5 жас. Мұның басты себебі салауатты өмір салтының болмауынан туындайтын созылмалы инфекциялық емес ауырулар, оның ішінде қант диабеті, жоғарғы қан қысымы және 15-29 жас аралығындағы жастардың жол апаты, суицит салдарынан бақилық болуы себеп болып отыр дейді спикер.

ДДСҰ санағы бойынша Қазақстанда темекі мен ішімдіккке қарсы шаралар жүргізіліп жатса да, бұл көрсеткіш әлі күнге оң нәтиже көрсетпей отыр. Елімізде еркектердің 46% шылым шексе, әйелдерде бұл көрсеткіш 5%. Алайда 14-18 жас аралығындағы, мектеп жасындағы жас қыздардың темекі шегу көрсеткіші күннен-күнге өсуде. Ішімдік бойынша Еуропа елдерімен бірдей көрсеткішті көрсетеді. Елімізде әйелдердің 70%, ерекетердің 30% ы ішімдік қолданбайды. Алайда біздегі ішімдіктердің Еуропа елдерімен салыстырғанда аса күшті ішімдік болуы себебінен денсаулыққа тигізер зияны да жоғары.

Сонымен қатар елімізде қант, тұз, трансмайларды қолдану жағынан жақсы көрсеткіш жоқ. ДДСҰ бекіткен күнделікті тұтынуға арналған тұз мөлшері 5грам болуы керек, алайда бізде кейбір облыстарда орташа тұз тұтыну сөлшері 16грамнан асады. Күніне тұтынылатын қант мөлері 25 грамнан аспауы керек, өкінішке орай елімізде бұл көрсеткіш ересектер арасында 100 грам, ал балалар арасында күніне 150-160 грамнан асып түсіп отыр. Санақ бойына елімізде әр бір 5-ші бала артық салмақ жинаған болып есептеледі.

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика