Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Жаңғырту 3.0.» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысы және Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы  әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз-маслихаты өтті. Баспасөз-маслихатына Жамбыл облысының әкімі Көкрекбаев Кәрім Насбекұлы қатысты. Журналистермен кездесу барысында аймақ басшысы 2017 жылдың 8 ай ішінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары  жайлы айтып, БАҚ өкілдерінің толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Индустриялық-инновациялық дамуда Жамбыл облысы оң нәтижелерге қол жеткізді. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында 557 млрд. теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 13 жоба жүзеге асырылуда, сомасы 17,3 млрд. теңге, шамамен 1350 жұмыс орнын құрайды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру облыстың экономикасының өсуіне оң әсерін тигізуде.Өткен жылы бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан 25 жобаны жүзеге асыруға 10,2 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 8 жобаны іске асыру жалғасуда. Осы мақсатта Ұлттық қордан 3,5 млрд.теңге қарастырылған. Бағдарламаның арқасында екі мыңнан астам екі жүзге жуық жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы 267 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 258 пәтерге арналған 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа шағын аудан және «Тараз-Сити» заманауи тұрғын үй кешенін тұрғызуға 462 га жер бөлінді.358 көппәтерлі тұрғын үй мен 922 жеке үйге салуды жоспарлап отырмыз. 9,8 млрд.теңгеге инженерлік инфрақұрылым қорытындыланды.

Жамбыл облысында кәсіпкерлікті дамыту саласында да айтарлықтай өсу байқалады. Сонымен «Бизнестің жол картасы ─ 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 897 жобаны қолдау үшін барлық құралдарға 90 млрд.теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 14,9 млрд.теңге несие берді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Шағын және орта кәсіпорындарда 122 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жұмыс істейтін субъектілердің саны 10,7% -ға (59,5 мың бірлікке) көбейді.

Ауылшаруашылық саласы жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.Биыл 104,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көлемі  2,6 пайызға өсті. Ауылшаруашылық дақылдары 630 мың гектар алқапқа егілді (өткен жылдан 38,5 мың га-ға артық). Аграрлық университеттің ғалымдарымен бірлесе отырып, бидай тұқымының сортын ауыстырып, жаңа технология енгізді. Нәтижесінде, соңғы екі жыл қатарынан әр гектардан 24-25 центнер дәнді дақылдар алды. Жалпы өнім көлемі екі есе артып, 1 млн. 200 мың тонна астық жиналды. Бұл – облыста бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Қазір қант қызылшасы, жүгері, мақсары, соя алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жүргізілуде. Биыл қант қызылшасы алқабын 9,5 мың гектарға жеткізілді. Кеңес дәуірінде облыста 43 мың га қант қызылшасы егіліп, 946 мың тонна өнім алынған. Өткен жылы 5 мың гектар жерден 116 мың тонна қызылша жиналып, орташа өнімділігі 232 центнерді құрады.  Биыл 180 мың тонна өнім жинап, одан 18 мың тонна  қант шығару жоспарлануда.  Ол үшін Меркі қант зауытында 1 млрд.теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Айта кетерлік жайт, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Higer Quazar» өндірістік кешенінің өкілдерімен «Тараз Индустриялық паркі» индустриалды аймағында жылына 300-ге дейін электравтобус  шығаратын зауыт салу туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның құны шамамен 3 млрд. теңгені құрайды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика